Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияға аттанды

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиіс тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Алдын ала мәлімет бойынша, борт Газиантепке барады. Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

Ведомство мәліметінше, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравлика және пневматика жабдықтары, гидравлика домкраттары, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Топ көпжылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен жасақталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!