3-4 ақпанда Росарио қаласындағы "Жокей Клуб де Росарио" топырақ төсенішіндегі кортта Қазақстан құрамасы Аргентинамен командалық әлем чемпионаты – Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді.
Қазақстандықтар жаттығуға кірісті.
Аргентинаның халық саны жөнінен үшінші қаласына капитан Юрий Щукин бастаған Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Александр Недовесов барды.
Аргентина – 2016 жылғы Дэвис кубогінің жеңімпазы. Сондай-ақ 1981, 2006, 2008 және 2011 жылдары финалға шыққан тәжірибелі команда. Бұл қос құраманың өзара үшінші кездесуі болмақ. Әзірге есеп тең – 1:1.
"Корттың сапасы өте жақсы. Әсіресе, өткен жылы біз ойнаған Болгария немесе Чилидегі жағдаймен салыстырғанда, деңгейі жоғары. Аргентиналықтар жақсы дайындалған. Олар топырақ төсенішін қолайлы көреді. Аргентинаның күшті құраммен ойнайтынын бәрі жақсы біледі. Дегенмен біз барынша қарсы тұрып, олардың жоспарын бұзуға тырысамыз", - деді Тимофей Скатов.
Бастапқы күні екі жекелей сындағы бәсеке өтеді. Екінші күні бір жұптық, екі жекелей кездесу болмақ. Жұп жеңімпазы қыркүйекте өтетін Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алады.
BeeHome+ қосып, басты теннис турнирлерді тікелей эфирде көріңіз!
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз