2025 жылы Астанада "Штадлер Қазақстан" зауытында жолаушы вагондарының өндірісі іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр Қанат Шарлапаевтың айтуынша, 2025 жылы Астанада "Штадлер Қазақстан" зауытында жылдық қуаты 100 вагон болатын жолаушы вагондарының өндірісі іске қосылады.
""Қазақстан Теміржолы" компаниясы 2025 жылдан бастап Астанада "Штадлер Қазақстан" зауытында 537 жаңа вагон өндіру үшін $2,3 млрд жұмсайды. ҚТЖ мен зауыт арасында оффтейк-келісім жасалды. Сондай-ақ биыл Атырау облысында "ТексолТранс" компаниясы жүк вагондары мен цистерналарды өндіру жобасын іске қосып, жылдық қуаты 6 мың вагонды құрайтын өндіріс басталады", - деді министр.
Министрдің сөзінше, "Семей машина жасау зауыты" жылына 600 жартылай вагон өндіру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. 2025-2026 жылдары Екібастұзда Railcast Systems бандаж өндірісі жобасы іске қосылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша министрлік жүк вагондарының өндірісін 4 есеге, яғни 2000 вагонға, жолаушы вагондарының санын 122-ге, локомотивтердің санын 128-ге дейін ұлғайту міндетін қойып отыр. Қазіргі уақытта теміржол вагондарының жалпы паркі шамамен 139 мың бірлікті құрайды, орташа тозу деңгейі - 55%.
Аталған тақырыпқа қатысты материалдар: Машина жасау саласына алдағы 5 жылға 600 млрд теңге қарастырылмақ
Қазақстанда Қытай автокөліктерін өндіретін алты зауыт ашылады
Отандық өндірушілер кір жуғыш машина, теледидар және шаңсорғыш шығарады - министр
Қазақстанның өндіріс саласында небәрі 7 робот жұмыс істейді
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!