- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан "Талибан" қозғалысын...
Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады
Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан тыйым салынған лаңкестік ұйымдардың ұлттық тізімін ревизиялау мақсатында тұрақты түрде қайта қарап отырады. Осы процес аясында БҰҰ тәжірибесіне сәйкес "Талибан қозғалысын" одан шығару туралы шешім қабылданды", - деді Смадияров
Оның айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті қарарларына сәйкес, "Талибан" қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне енбеген.
"Саяси байланыстарға келетін болсақ, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған шешімдер мен қарарларды әрі қарай да қатаң ұстанатынын атап өткім келеді", - деді Айбек Смадияров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек