Қазақстан Таиландқа ет экспорттамақ, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Таиландпен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты күшейтеді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Таиланд Корольдігінің ауыл шаруашылығы министрі Наруомон Пиньесинватпен кездесті.
Тараптар ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, стратегиялық әріптестік пен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту перспективаларын талқылады.
Қазақстан мен Таиланд сауда көлемін ұлғайту және жеткізілетін өнімдер тізімін кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жандандырмақ.
"Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі – мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту. KazBeef Processing және Merke et combinaty сияқты өндірушілерді қоса алғанда, Таиландқа ет және ет өнімдерін экспорттауға сертификат беру және рұқсат алу үшін кәсіпорындардың тізімі тай тарапына жіберілді", – деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Сондай-ақ екі елдің ғалымдарына күріш өсіру және құс шаруашылығы бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін байланыс орнату ұсынылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!