Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық сотында Қытай азаматына қатысты іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, биыл 5 маусымда ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Ю. 29 шілдеде қайта құқықбұзушылық жасаған, яғни заңсыз пайдалы қазбалар өндірумен айналысқан.
Сот отырысында Ю. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген.
Сот Ю.-ды ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және Қазақстан аумағынан шығару түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз