Қазақстан сиыр етінің бағасы қолжетімді елдер тізіміне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Numbeo рейтингіне сілтеме жасап.
5 мамырда жаңартылған рейтингке 101 ел кірген. Қазақстан 82-орынға ие болды, елімізде бір келі сиыр еті 8,72 долларға (4 050 теңге) бағаланған. Сонымен қатар, Қазақстандағы ет бағасы посткеңестік елдердің көбіне қарағанда арзан болып шықты. Бұл қатарда Ресей (10,93 доллар), Өзбекстан (10,86 доллар) және Беларусь (9,25 доллар) бар.
Numbeo рейтингі
Ең қымбат сиыр еті Швейцарияда (45,58 доллар), Норвегияда (32,89 доллар) және Люксембургте (27,65 доллар). Дамыған елдердің көбінде ет Қазақстанға қарағанда 3-4 есе қымбат.
Сиыр еті Пәкістан (4,68 доллар), Нигерия (4,73 доллар) және Кенияда (5,23 доллар) ең арзан деп бағаланып отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова