Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді.

Гуманитарлық көмекті жөнелтуге Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Мереке Пішембаев қатысты.

Гуманитарлық жүктердің құрамында: консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейспен жіберіледі. Гуманитарлық көмекті ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері тиеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!