- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан Сирия астанасындағы...
Қазақстан Сирия астанасындағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Сирия астанасы Дамаскідегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптады. Бұл туралы ведомствоның ресми мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз. Мұндай әрекеттер дипломатиялық және консулдық нысандардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады", - делінген мәлімдемеде.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль бұған дейін Дамасктегі Иран елшілігінің кешені орналасқан дипломатиялық кварталға зымыранмен шабуыл жасаған. Салдарынан ислам республикасының консулдығы қирап, кем дегенде 13 адам қаза тапты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан