Алматыда 500-ден астам полицей матч кезінде қауіпсіздікті қадағалайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, алдыңғы жексенбіде өткен Қазақстан - Словения матчында 1,5 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.
Бүгін Қазақстан - Шотландия кездесуінде 500-ден астам полиция қызметкері тәртіпті қадағалайды. Құқық қорғау күштері спорт нысанының өзінде де, онымен шектесетін аумақтарда да тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз