Қазақстан шекарасында 57 шетелдік ұсталды

Қазақстан шекарасында 57 шетелдік ұсталды
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік қызметі заңнаманы бұзғандар 4 мыңнан аса адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында биыл қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 4 640 адам ұстады. Оның ішінде: 

  • 27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
  • 30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту дерегінің алдын алды, оның ішінде:

  • 41 дерегі - есірткі заты;
  • 91 дерегі - ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер);
  • 23 дерегі - діни әдебиет (2 001 дана);
  • 459 дерегі - жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам);
  • 616 дерегі - жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 миллиард теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 миллион теңгеден астам);
  • 204 дерегі - жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 57 браконьерлік дерегінің алдын алды, сондай-ақ:

  • 31 дана - жүзу құралы;
  • 70 шақырым тор - браконьерлік аулау құралы;
  • 299 дана (1 765,1 кг) - бекіре тұқымдас балық;
  • 904 дана (2 165 кг) - таза тұқымдас балық;
  • 13 дана - итбалық.
    Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 миллион теңге болды.

Бұл деректер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандайда бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек