Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған Қытай азаматы ұсталды

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Ресейдің екі, Қытайдың бір азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 шілдеде Жетісу облысы Панфилов ауданында шекарашылар Мемлекеттік шекараны бұзған Қытай Халық Республикасының азаматын ұстады, ол Қазақстан Республикасына өткізу пунктінен тыс жерден кіріп, кейіннен Еуропа елдеріне бет алуға талпынған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ шекарашылар 2 тамызда Қостанай облысы Қарабалық ауданында Мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін қылмыстық қудалаудан жасырынуға әрекет жасаған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстаған.

Қазіргі уақытта ұсталған құқық бұзушыларға қатысты уәкілетті органдар соталды тергеу жүргізіп жатыр.