Қазақстан шекарасы арқылы 1,5 тоннадан аса есірткі тасымалы тоқтатылған

Қазақстан шекарасы арқылы 1,5 тоннадан аса есірткі тасымалы тоқтатылған
Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы Қазақстанның заңнамасын бұзған 52 мыңнан аса адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр ҰҚК тауарлар мен жүктерді мемлекеттік шекара арқылы заңсыз тасымалдаудың 17 541 дерегінің алдын алған, соның ішінде:

  • есірткі - 344 дерек (1,5 тоннадан аса);
  • қару мен оқ-дәрілер - 847 дерек;
  • діни әдебиеттер - 315 дерек;
  • жанар-жағармай - 5 900 дерек;
  • халық тұтынатын тауарлар - 8 083 дерек;
  • валюталар - 2 052 дерек.

Шекарашылар Каспий теңізінде 607 браконьерлік дерегінің жолын кескен:

  • жүзу құралдары - 226 дана;
  • браконьерлік құралдар - 580 шақырым тор;
  • бекіре тұқымдас балық түрлері - 2 376;
  • қара балық түрлері - 7 193;
  • итбалық - 24.

Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден асады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget