- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақстан" шахтасындағы өртті...
"Қазақстан" шахтасындағы өртті сөндіру жоғары температура мен түтіннің салдарынан қиындай түскен
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта зардап шеккен екі адам іздестіріліп жатыр және жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасып жатыр.
Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің салдарынан қиындай түсті. Сондай-ақ қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.
Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан