- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан Ресейге әскери...
Қазақстан Ресейге әскери мақсатта пайдаланылатын тауарларды жібермейді
Фото:
elements.envato.com
Бүгінде еліміз әскери мақсатта пайдалатын 106 тауарды Ресейге экспорттамайды. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз (Ресей аумағы арқылы-еск) барлық тауарды экспортқа шығарып жатырмыз. Алайда соғысқа қатысы бар экспорттық тауарлардың шектеп тастадық. Бұл - алуан түрлі 106 тауар. Біз оларды экспортқа мүлдем шектеп тастадық. Олар (Ресейге-еск.) бармайды", - деді вице-министрдің орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Қайрат Төребаев бұл қандай тауарлар екеніне тоқталды.
"Мысалы, дрондар. Оның ішіндегі заттар. Сондай-ақ арнайы электроника, чиптер, сол сияқты тауарлар бар", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина