Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жаппақшы

Қазақстан Ресейдегі cауда өкілдігін таратпақшы. Бұл туралы тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы cауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесі таратылсын", - делінген құжатта.

Сонымен бірге Сауда және интеграция министрлігі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды тапсырды.

Құжатты 15 ақпанға дейін Ашық НҚА сайтында талқылауға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!