Биыл Ресей Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Қытайға ең көп шоколад экспорттаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
БҰҰ-ның Comtrade платформасының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан Ресейден ең көп шоколад импорттаған ел болды – бұл елге 78,3 миллион доллардың өнімі жөнелтілген. Одан кейінгі орындарда:
- Әзербайжан – 23,4 млн доллар,
- Өзбекстан – 21,4 млн доллар,
- Қырғызстан – 14,7 млн доллар
- Грузия – 8 млн доллар.
Алдыңғы жылдар деректеріне сүйенсек, Беларусь те көшбасшылар қатарында болар еді, бірақ ел 2022 жылдан бастап сауда статистикасын жариялауды тоқтатқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек