Қазақстан–Ресей шекарасы маңында көлік кептелісі байқалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ресей Федералды кеден қызметіне (ФКҚ) сілтеме жасап.
Ведомствоның дерегінше, ФКҚ-ның тауар шығарылғаннан кейінгі негізгі кедендік бақылау басқармасының бастығы Агепсим Ашкалов пен Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Талғат Горяев Қазақстан тарапындағы шекара маңында тексеру жүргізген.
"Іссапар барысында шекара маңындағы жолдар мен автотұрақтарда көліктер кептелісі анықталды. Жүргізушілермен сөйлесу кезінде олардың Ресейге кіру үшін жұмыс берушілерінен бұйрық күтіп отырғаны белгілі болды. Ресей мен Қазақстанның кеден қызметтері тауар қозғалысына кедергі жасалмайтынын, адал кәсіпкерлік үшін шекара ашық екенін растады", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның Көлік министрлігі шекарадағы кезектің Ресей тарапынан бақылаудың күшеюіне байланысты екенін мәлімдеген еді. Министрліктің ақпаратына сәйкес, ресейлік қызметтер жүктерді тексеруді күшейтіп, көлікті қарау уақытын ұлғайтқан, сондай-ақ құжаттарды, санитарлық және фитосанитарлық талаптарды қосымша қадағалауды енгізген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!