Қазақстан мен Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі тұрып қалды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 желтоқсанға қараған түннен бастап "Сырым" көлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500 жуық жүк көлігі жиналған.
12 желтоқсаннан бастап Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында ауа райы нашарлауына байланысты жүк көліктері жиналған. Қалың қар жауып, боран, көктайғақ болған.
Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелген және Ресей ТЖМ мәліметтері бойынша шектеулер шамамен 13 желтоқсан сағат 22:00-ге дейін қолданылады.
"Жүк көліктері қозғала алмай, ауа райы жақсарғанын күтіп тұр. Бұл жағдай бойынша жүргізушілерге түсіндірме жұмыстар жүргізіліп жатыр, яғни кемпингтерде ауа райының жақсаруын күту немесе басқа облыстардағы жақын маңдағы өткізу пункттері арқылы маршрутты түзету ұсынылады", - деп жазылған комитет хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!