- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан Ресей рублінен...
Қазақстан Ресей рублінен құтылып жатыр ма?
Қазақстан Ресей рублінен құтылып жатыр. Валюта айырбастау пункттерінің теріс нетто-сатылымы 8 миллиард теңгеден асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Валюта айырбастау пункттерінің қазақстандықтар арасында танымал АҚШ долларын таза сатуы биыл бірінші тоқсанында 385,5 миллиард теңге. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7 пайыз аз. Еуроның таза сатылымы, керісінше, 29 пайыз өсіп, 2023 жылдың қаңтар–наурызында 74,6 миллиард теңге. Бірақ қазақстандықтар Ресей рублін айырбастау орындарына сатып алғанынан 8,4 миллиард теңгеге артық сатқан. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын Ресей рублі айырбастау пункттеріне сатқаннан гөрі 215,2 миллиард теңгеге артық сатып алған.
Өңірлер бойынша айырбастау пункттерінің АҚШ долларын "таза" сатуының үштен бір бөлігіне жуығы тек Алматы қаласының үлесіне тиді: 124,9 миллиард теңге. Таза сатылымның айтарлықтай көлемі Шымкентке де түсті: 68,2 миллиард теңге. Үздік үштікке Астана да енді: 30,7 миллиард теңге.
Айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сатуының ең аз көлемі 2023 жылдың бірінші тоқсанында Алматы (679,9 миллион теңге), Ұлытау (1 миллиард теңге) және Жетісу (1,8 миллиард теңге) облыстарында байқалды.
Бұл ретте Қазақстандағы еуро айырбастау пункттерінің нетто-сату көлемінің жартысынан астамы тек екі облысқа - Алматы мен Шымкентке түсті: тиісінше 27,2 миллиард теңге және 16,6 миллиард теңге. Астана да қомақты сома: 9 миллиард теңге.
Еуро таза сатудың ең аз көлемі Ұлытау (36,3 миллион теңге), Жетісу (284,3 миллион теңге) және Ақмола (295,3 миллион теңге) облыстарында байқалды.
2023 жылдың бірінші тоқсанында айырбастау пункттерінің Ресей рублін таза сату көлемі ҚР-ның 20 өңірінің 12-де байқалды. Бұл ретте ең көп көлем Шығыс Қазақстан (3 миллиард теңге), Қарағанды (1,7 миллиард теңге) және Ақмола (1,5 миллиард теңге) облыстарына тиесілі.
Еліміздің 20 өңірінің қалған сегізінде ақша айырбастау пункттері сатып алған рубль көлемі сатылған көлемнен асып түсті. Мәселен, Ресей рублін таза сатудың ең үлкен теріс мәні Алматыда (минус 9,3 миллиард теңге), одан кейін Астанада (минус 4,1 миллиард теңге) және Қостанай облысында (минус 1,8 миллиард теңге) байқалды.
АҚШ долларының ресми бағамы биыл сәуір айында орташа есеппен 451,33 теңге, бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 0,3 пайыз ғана жоғары және 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 0,4 пайыз төмен. Бұл ретте мамыр айының басында 1 АҚШ доллары 453,39 теңге болса, 10 мамырда бағам 445,28 теңгеге дейін төмендеді.
Сәуірде еуроның орташа бағамы 494,6 теңге, бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 2,9 пайыз, бірақ 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 0,5 пайыз ғана жоғары. Мамыр айының басынан бері еуро бағамы 2023 жылдың 10 мамырына дейін 198,18 теңгеден 490,97 теңгеге дейін төмендеді.
Биыл сәуір айында Ресей рублінің орташа бағамы 5,58 теңге, өткен аймен салыстырғанда 5,7 пайыз және 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 3,3 пайыз төмен. Сонымен бірге, биыл мамыр айының басынан бері рубль бағамы 2023 жылдың 10 мамырындағы жағдай бойынша 5,63 теңгеден 5,8 теңгеге дейін өсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина