Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы соғыстың тоқтағанын қалайды - Тоқаев

Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы соғыстың тоқтағанын қалайды - Тоқаев
Фото: Akorda.kz

Қазақстан тарапы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтағанын қалайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан мен Ресейдің құрлықтағы шекарасы өте ұзын. Бізде сауда болсын, гуманитарлық байланыс болсын, ынтымақтастық дәстүрі бар. Елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастар туралы келісімге 2013 жылы қол қойылды.

Украинадағы қақтығысқа келсек, Қазақстан соғыс қимылдарын дереу тоқтатуды және БҰҰ Жарғысына негізделген бейбіт келіссөздерді жақтайды. Бүгін мен құрметті канцлер мырзаға ахуалдың өте күрделі екенін айттым. Украина да, Ресей де келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді, бірақ келіссөздер қайда өтетіні әлі де нақты емес", - деді Тоқаев.

Президент сондай-ақ қандай негізде келіссөздер жүргізуге болатыны белгісіз екенін атап өтті.

"Өзара айыптауды тоқтатып, екі жаққа да қолайлы нұсқаларды табу үшін келіссөздер жүргізуіміз керек, - деді Мемлекет басшысы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан