Қазақстан, Ресей мен Беларусьте 35 наркодилер ұсталды

Қазақстанда 35 наркодилер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық ынтымақтастық аясында ҚМА аналитикалық мәліметтер негізінде ТМД кеңістігінде есірткі таратқан трансұлттық интернет-дүкендерді жою бойынша Қазақстан, Беларусь және Ресей қаржы барлаушыларымен арнайы операция жүргізілді.
 
Үш елдің аумағында үш ауқымды есірткі дүкені жабылды, 35 наркодилер ұсталды, 1 тоннадан астам психотроптық заттар және клиенттерге сатуға дайын 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді.

Халықаралық "есірткі сатушылардың" жалпы табысы шамамен 30 миллион АҚШ долларын құрады, оның 12 миллионы криптовалютада шығарылды.

ҚМА бастамасы бойынша Ұлттық Банктің және ҚНРДА қаулыларына өзгерістер енгізілді, бір клиентке бірнеше банк картасын шығару бойынша шектеулер белгіленді және онлайн режимде олардың мониторингі қамтамасыз етілген.

Резидент емес және кәмелетке толмағандарға төлем карточкаларын беру кезінде қосымша бақылау және шектеу шаралары белгіленді. Жаңа клиентті тіркеу кезінде міндетті биометриялық сәйкестендіруді жүргізе отырып, төлем карталарын шығару бойынша банктердің ішкі бақылау шаралары күшейтілді.

Есірткінің таралу белгілері мен критерийлері барлық банктерге жіберілді. Бұл есірткі саудасының фактілерін одан әрі анықтауға мүмкіндік береді. Бұл нормалардың қолданылу мерзімінен бастап бірнеше карта ұстаушылар саны 9,5 мыңнан 3,6 мың клиентке дейін қысқарды, 1,5 мың клиентке қашықтықтан қызмет көрсетуге қолжетімділік жабылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!