Қазақстан, Ресей және Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылып жатыр

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылып жатыр
Фото: Борт №1

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге не үшін барғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Руслан Желдібайдың сөзінше, бүгінде Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр екен.

"Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды", - дейді баспасөз хатшы. 

Тоқаев Путинмен кездесуде қандай мәлімдемелер жасады?

Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев РФ басшысы Владимир Путинмен кездескен болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина