Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды. 

Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аяқталғанын жазған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз