- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан Президенті EXPO-2017...
Қазақстан Президенті EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Көрмедегі шаралар кезінде қоғамдық тәртіптің бұзылуы болмауы үшін алдын алу шараларын қабылдау керек. Бұл шараларды бүгіннен бастап дайындау қажет. Біздің арнайы жасақ пен құқық қорғау оргнадары қызметкерлері қауіпсіздік пен тәртіптің болуын қамтамасыз етуі тиіс. ІІМ, ҰҚК және "Сырбар" осы бағытта жұмыс істеулері қажет, көрменің және елордамыздың қауіпсіздігі осыған байланысты", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы көрме қонақтары мен келушілерге жақсы жағдай жасаудың маңыздылығына да тоқталып өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев террорлық шабуылдардың барлық ел үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге белгі болғанын айтқан еді.