Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады
Фото: ru.freepik.com

Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым жартылай алынды. Енді шаруалар оны шетелге экспорттай алады, бірақ шектеулі мөлшерде, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жалпы квота 20 мың тоннаны құрайды. Бір кәсіпкер басқа елдердің нарығына 500 тоннадан аспайтын пияз жеткізе алады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Еске салайық, үкімет бағаның өсуін тежеу ​​үшін қаңтардың соңында пиязды экспорттауға үш айға тыйым салған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова