Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына заңды түрде беруді пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның қазіргі акционерлерін акционерлер қатарынан шығару туралы келіссөздер жүргізілді.
"Осы келіссөздердің нәтижесінде қазанның аяғында кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру шарттары туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл ақпарат "АрселорМиттал Теміртаудың" қазіргі акционерлері таратқан баспасөз хабарламасында да расталды. Қазір бұл мәмілені заңды тіркеуді аяқтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл процесс жақын арада аяқталады", - деді министр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!