Қазақстан Парламенті каникулға кетті

Қазақстан Парламенті каникулға кетті
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Парламенті палаталардың бірлескен отырысында VIIІ шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аяқталғаны туралы хабарлады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттар каникулы басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Парламентке өткен барлық партия депутаттар белсенді жұмыс істегенін атап өтті.

"Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, Парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды. Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті", - деді ол. 

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болғанын, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойғанын атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек