Қазақстандық дзюдошылар командалық есепте дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Үшінші орын үшін күресте Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс ұпайын Камила Берліқаш әкелді - оның қарсыласы татамиге шыққан жоқ.
Айта кетейік, Қазақстан 2022 жылы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Азия чемпионатының медальдар есебінде төртінші орын алған. Команда қоржынында бір алтын, екі күміс және бес қола медаль бар.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК