Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде адам және көлік кептелісі пайда болды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде адам және көлік кептелісі пайда болды. ҰҚК бұл дерекке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының жиналуы тіркеліп жатқанын хабарлайды.

Атап айтқанда, "Жібек жолы" өткізу пунктінде бұл іргелес аумақтағы "Гишт Куприк" БӨП-те құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуіне байланысты.

Сондай-ақ қазақстандық "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал "Қапланбек" бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.

Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз