Қазақстан Орталық Азиядағы ең бай мемлекет - Global Finance

Әлемдегі ең кедей елдер рейтингінде Қазақстан Орталық Азия елдері арасында ең төмен орында тұр. 128 орында тұрған еліміз ЖІӨ-сі 34 534 долларға жетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Global Finance-ке сілтеме жасап. 

Орталық Азия мемлекеттерінің көрсеткішінде Қазақстанға ең жақын Түркіменстан елі орналасқан. Олар 101-орында. Рейтингте Өзбекстан мен Қырғызстан 67 және 48-орындарға тұрақтаған. Орталық Азиядағы ең кедей ел болып Тәжікстан танылды, олар 43 орында.

Ең қызығы, Қазақстан бұл рейтингте 98 және 113 орындарда тұрған Әзербайжан мен Қытайды басып озды. Ал, Түркия рейтингте 140-орынға жайғасқан.

Әлемдегі ең кедей мемлекет - Оңтүстік Судан. 2011 жылы құрылғаннан бері зорлық-зомбылықтан зардап шегіп келеді. Биыл Оңтүстік Судан халқының 60 пайыздан астамы 9 миллионға жуық адам гуманитарлық көмекке мұқтаж болады.

Теңізге шыға алмайтын кішкентай Бурунди ең кедей елдер рейтингінде екінші орында тұр. Елде табиғи ресурстар жетіспейді және 1993 жылдан 2005 жылға дейін созылған азаматтық соғыстан зардап шекті.

Үшінші орында Орталық Африка Республикасы. Алтынға, мұнайға, уранға бай, алайда халқы өте кедейленіп бара жатқан мемлекет.

Әлемдегі ең кедей елдер: Конго Демократиялық Республикасы, Мозамбик, Нигер, Малави, Либерия, Мадагаскар және Йемен.

Ал әлемдегі ең бай мемлекеттер: Люксембург, Сингапур, Ирландия, САР Макао, Қатар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!