Қазақстан өңірлерінен келген дарынды балалар үлкен сахнаны қалай бағындырып жатыр?

"Мен Алматы облысына қарасты шағын қаланың қарапайым тумасымын және мұндай ауқымды сахнада өнер көрсете аламын деп ешқашан ойламаппын. Өнерімді 1000-нан астам адам тамашалайды, ал талантымды елдің ең мықты тәлімгерлері мойындайды деп те ойламаппын. Мен әрқашан өзім және жақындарым үшін ән айтқанды ұнататынмын, бірақ Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының "THE PLANET OF ART" жобасы туралы білгенде, бұл өзіме және өз талантыма жаңа серпін беруге мүмкіндік болады деп шештім. Қателеспегеніме өте қуаныштымын! Гала-концертте өнер көрсеткеннен кейін, өмірімде көп нәрсені істей алатынымды және бұл өмірде үлкен аудитория үшін ән айта алатынымды түсіндім, өйткені адам тек тәуекел етіп көру керек екен. Сонымен қатар, фестивальдің арқасында мен өзіме көптеген жақын достар таптым. Олармен әлі күнге дейін араласамыз", - дейді"THE PLANET OF ART 2022" Халықаралық фестивалі лауреаттарының бірі Нұрсұлтан Өкен.

Фестиваль барысындағы Нұрсұлтан Өкен мен балалардың суреттері

Талант - бұл адам өміріндегі ең үлкен сый, бірақ оны өз уақытында ашып, көрермендердің жүрегіне дұрыс жеткізе білу керек. Өзіңізге және талантыңызға мүмкіндік беру, әлемге ашылу және не істей алатыныңызды көрсету - бұл "THE PLANET OF ART 2023" Халықаралық фестивалі музыкалық циклінің басты міндеті.

Егер сіз өзіңіздің талантыңызды ашып, үлкен бір әлемнің бөлігі болуды көптен армандаған болсаңыз, егер сіз өзіңіздің биіңіз, әніңіз немесе игерген аспабыңыз арқылы қоғамға үлкен үндеу тастағыңыз келсе, онда "THE PLANET OF ART 2023" Халықаралық фестивалі сізге арналған! Жобаға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан және Өзбекстанның вокалдық, аспаптық және хореографиялық өнер бағыттары бойынша 12 жастан 18 жасқа дейінгі дарынды жастары шақырылады.

Байқау ережесімен танысып, тіркеліңіз! Аймақтық іріктеу кезеңдері 2023 жылдың 17 наурызы мен 3 мамыр аралығында Қазақстанның 17 облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтетін болады. Фестиваль қорытындысы бойынша үздік лауреаттар Қазақстанда өтетін финалға шақырылады. Сондай-ақ, Фестиваль қатысушыларына Қазақстанның көрнекті өнер қайраткерлерімен кездесу, әлем мәдениеті мен ұлттар сыйластығы туралы тақырыптық семинарлар, мастер-кластар өткізілетін болады. Ең бастысы, балалар өз мәдениеттерінің жас елшілері бола отырып, әлемнің әртүрлі елдерінен жаңа достар таба алады.

Толық ақпаратты ұйымдастырушылар сайтынан және келесі нөмір арқылы біле аласыздар: +7 700 3943232.

Халықаралық фестиваль жөніндегі жаңалықтарды, UNESCO Клубтық қозғалысының құрметті серіктесі болып табылатын Alash Media Group медиа холдингінің Tengrinews.kz және Massaget.kz ақпараттық порталдары алаңдарынан көруге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!