Қазақстан өңірлеріндегі дизель отыны тапшылығы: себебі мен салдары аталды

Бензин мен дизель отыны бағасы өзгеріссіз қалса, Қазақстан жақын арада жанармай тапшылығына тап болуы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмасын төмендету қажет. Сондықтан күрделі, бірақ қажет қадамға баруымыз керек: шекті бөлшек сауда бағасын көтеру, соның ішінде:

- АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинді аймаққа байланысты литріне 182-187-ден 205 теңгеге дейін, 11 пайызға өседі;
- ал дизель бағасы литріне 295 теңге болады. Қазір өңірге байланысты баға 230-260 теңге дейін өзгереді, орташа өсім - 20 пайыз", - деді Ақшолақов брифингте.

Бұйрықтың тиісті жобасы бүгін жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге мынадай шекті бағаларды белгілеуді жоспарлаған еді:

1) АИ-80 маркалы бензин - тоннасына 93 161 теңге (литріне 70 теңге);
2) АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин - 193 649 теңге тоннасына (литріне 146 теңге);
3) Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) - тоннасына 236 156 теңге (литріне 198 теңге).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!