Қазақстан өлім-жітім рейтингінде қай орында тұр?

Қазақстан өлім-жітім рейтингінде қай орында тұр?
Фото: Әлихан Сариев

2022 жылы өлім-жітім деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 229 ел арасынан 85-орында тұр, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Бұл рейтинг өлім-жітім коэффициентін есептеуге негізделген, яғни 1000 адамға шаққанда қайтыс болғандар саны. Қазақстанда бұл коэффициент 8,11 болған.

Сербия, Румыния және Литва өлім-жітім деңгейі жоғары елдер қатарына жатады, ал Катар рейтинг соңында тұр. ТМД елдері ішінде Украина*, Ресей және Беларусь ондыққа кірген. Молдова 12-орында тұр.

Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанда 69,2 мың адам қайтыс болған, бұл былтырға қарағанда, 9,6 пайызға аз.

Өңірлер арасында өлім-жітім Алматы облысында көп тіркелген, мұнда 7,4 мың адам қайтыс болған, жылына 8,9 пайыз болған. Үштікке Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары да кірген. Керісінше, Маңғыстау облысында төмен деңгей тіркелген, 1,5 мың адам, жылына 9 пайыз болған.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда өлімнің ең көп таралған себептерінің арасында қан айналымы жүйесінің аурулары бар. Бұл себептен 15,6 мың адам қайтыс болған, бұл былтырға қарағанда, 15,7 пайызға аз. Сондай-ақ, тыныс алу аурулары, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттар, ас қорыту мүшелерінің аурулары да бұл тізімге кірген.

Ж. Қадыржанова