- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан неге +997...
Қазақстан неге +997 телефон кодынан бас тартты? Министр себебін түсіндірді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан +997 кодынан неге бас тартқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында Бағдат Мусинге "Былтырдан бері Қазақстан +997 телефон кодына өтеді деп бірнеше рет хабарланды. Бірақ соңғы ақпаратқа сәйкес еліміз бұл кодқа өтпейтін болыпты. Оған не себеп? Ресей тарапынан қандай да бір қысым болды ма? Неге телефон коды өзгермейді?" деген нақты сұрақ қойылды.
Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты қазақстандықтардан көп шағым түскен. Сондықтан министрлік мәселені қайта қараған.
"+997 коды бізде резервте тұр... Біз +77 кодын өзімізге қалдырып, мемлекетаралық деңгейде келісімшартты бекітеміз. Қазақстандықтарға ыңғайлы болғанын қалаймыз. Жаңа кодқа ауысуға бір жыл жеткілікті. Ол қиын шаруа емес. Бірақ 20 миллион абонентіміз басқа интернет-платформаларда тіркеген кодтарын жаңартуда қиындық туындайды. Сондықтан +997 кодын өзімізге резервке қойдық. Бірақ +77-ні өз кодымыз ретінде қалдыру үшін біз келісімшарт мәселелерін Ресеймен талқылап, бір мәмілеге келдік. Бүгінде мемлекетаралық тиісті процедуралар жүріп жатыр", - деді Бағдат Мусин.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz