"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания ақпаратына сүйенсек, MATILDA кемесін "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) жалға алған.
"Каспий Құбыр консорциумы терминалында тұрған танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған. 13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды, бірінші тексеріс кезінде кеме құрылымында айтарлықтай зақымдану белгілері анықталмаған.
Залал көлемін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!