Қазақстан мен Түркия реадмиссия туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Түркия реадмиссия туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Түркияның ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи екіжақты келіссөз өткізді.

Сурет: ІІМ баспасөз қызметі

Кездесудің басты нәтижесі Қазақстан мен Түркия арасында реадмиссия туралы келісімге қол қойылуы болды.

"Құжат екі елдің көші-қон саласындағы өзара іс-қимылдың құқықтық негізін нығайтып, мемлекеттер аумағында болуға заңды негізі жоқ адамдарды қайтару тәртібін айқындайды", - деп жазылған хабарламада.

Келіссөз барысында Ержан Сәденов пен Мұстафа Чифтчи екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Трансұлттық және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, іздестіру, көші-қон қауіпсіздігі, кадр даярлау және бейінді бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл негізгі бағыттар ретінде белгіленді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!