- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан мен Тәжікстан...
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапар екі ел арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие екенін айтты.
"Сізбен елордамызда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біздің бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон шақыртуға алғыс айтты.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақыртуыңызға, ілтипатыңызға, қонақжайлық көрсеткеніңізге көп рақмет! Ең алдымен, бүгін Сізбен екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылағым келеді", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек