Қазақстан мен Швецияның ауыл шаруашылығы министрлері екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылады

Қазақстан мен Швецияның ауыл шаруашылығы министрлері екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылады
Фото: inform.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Швеция Корольдігінің ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту министрі Свен-Эрика Буктамен кездесті, деп хабарлайды "massaget.kz" порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Швеция арасындағы ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары мен перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуге шведтің Alfa Laval, DeLaval, Tetra Pak, EMVE Sweden AB және т.б. азық-түлік өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп компанияларының өкілдері қатысты.

Швед тарабын ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібіне қажетті техникалар мен технологияларды, құрал-жабдықтарды пайдалану қызықтырды.

Казақстандық тарап жем-шөп өндіруде ғылыми кластерде дамыту, жер және орман шаруашылығын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын механикаландыру салаларында ынтымақтастық құруды ұсынды.

Іс-сапар аясында швед делегациясы Петропавл қаласында өтетін «Kyzylzhar Invest» инвестициялық форумына қатысады деп жоспарлануда.

Ал, 2015 жылы Қазақстан мен Швецияның ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңделген азық-түліктерінің ішкі айналымы 10,1 млн доллар болған.

Экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігін бидай (8,8 мың тонна) мен соя бұршағы (2,1 мың тонна) құрады. 

T. Кіршібаев