- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресейдің...
Қазақстан мен Ресейдің достығын бұзғысы келетіндер бар - СІМ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров сенімсіз ақпарат таратып, Қазақстан мен Ресейдің достығысын бұзғысы келетін үшінші тарап бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанға қарсы ақпараттық шабуыл күшейген.
"Біз ресми деңгейде тек сезімтал ақпаратқа жауап беру керек деп санаймыз. Соңғы кездері Қазақстанға қарсы ақпараттық шабуыл көбейіп кетті. Әрине, оның бәрі Қазақстан мен Ресейдің арасындағы достық қарым-қатынасты бұзуға бағытталған.
Мысалы, Татарстандағы объектілерді Қазақстаннан ұшырылған дрондар атқылапты. Оған қоса, Қазақстан Ресейдің қару-жарағаны Украинаға сатып жатыр деген ақпарат жарияланды. Мұның бәрі жалған мәлімет. Оны бірден Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жалған ақпарат деп жоққа шығарды. Біз мұндай ақпараттық шабуылға қарсы Ресейлік тараппен бірлесіп, жұмыс істеп жатырмыз. Барлық деңгейде байланыс орнатылған, ресейлік тарапқа алғыс айтамыз", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Ресми өкіл "Қазақстан мен Ресейдің достығын бұзғызғысы келетін үшінші тарап бар" деген пікірде. Алайда ол "Үшінші тараптың кім екенін" нақтыламады.
"2 күн бұрын жасанды интеллектіні пайдаланып, Мемлекеттік думаның депутаты Андрей Гурулёвтің дауысымен Қазақстанға қарсы тағы жаман сөздер айтқызды. Депутат әлеуметтік желілерде видео түсіріп, бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Осының бәрін ескеріп, біз Ресейдің барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарымен тікелей байланыс орнаттық. Соның арқасында біз жағымсыз әрекеттерге тиімді қарсы тұра аламыз.
Көптеген факті расталмай жатыр. Үшінші күштер мұны пайдаланып, өздерінің әрекеттерін істеуде. Осыған байланысты барлық қазақстандық пен БАҚ өкілін тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, пайдалануға шақырамыз", - деді СІМ өкілі.
Аяз Есен
Тағы да оқи отырыңыздар: Көкала келгір деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz