Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді

Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді
Фото: Google Maps скрині

"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС 10 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 18:35-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде, Қазақстан мен Ресей шекарасында болған.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8. MPV магнитудасы - 4,4. Дүмпу 10 шақырым тереңдікте болды", - делінген хабарламада.

MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі сезілмеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан