Қазақстан мен Өзбекстанның президенттері Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхара облысының жаңа Ахуалдық орталығының қызметімен танысты. Онда тәулік бойы өңірдегі ахуалға, соның ішінде инфрақұрылым жағдайына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, көлік жүйесіне, қауіпсіздік қызметіне және табиғи процестерге бақылау жүргізіледі.

Ахуалдық орталық төтенше оқиғалар кезінде шұғыл қызметтердің іс-қимылын үйлестіріп, ықтимал сын-қатерлерге тосқауыл қою үшін жағдайдың өрбуін модельдеуді жүзеге асырады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!