9 қарашадан бастап Өзбекстан шекарасындағы үш өткізу пунктінде электронды кезек брондау үшін жүк тасымалдаушылар 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде кепілдік жарна төлеуге міндетті, деп хабарлайды Massaget.kz.
Жаңа ереже "Қазығұрт", "Б. Қонысбаев" және "Атамекен" өткізу бекеттеріне қатысты.
Егер жүк көлігі шекараға белгіленген уақытта келсе, кепілдік төлем тасымалдаушыға автоматты түрде қайтарылады.
Тасымалдаушы 90 күн ішінде белгіленген уақытта қатарынан екі рет келмеген жағдайда, кепілдікке салынған қаражат мемлекеттік бюджетке аударылады.
Электронды кезекті брондау алдында тасымалдаушының арнайы электронды шотында қажетті сома болуы қажет.
Бұл талап шекара бекеттерінде жасанды кезектердің қалыптасуына жол бермеу мақсатында енгізіліп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!