Қазақстан мен Мальдив Республикасы екі ел арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын аптасына 7-ден 14-ке дейін көбейтуге келісті, деп хабарлайды Massaget.kz.
ҚР көлік министрлігі мәлім еткендей, уағдаластыққа Монреальда өткен ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі дүниежүзілік конференциясы аясында қол жеткізілді. Кездесуге Қазақстан Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мен Мальдивтің Азаматтық авиация басқармасының төрағасы Абдул Харис қатысты.
Тараптар әуе қатынасын және туристік байланысты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ әуе компанияларына халықаралық бағыттарды дамытуға мүмкіндік беретін "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежелі құқықтарын пайдалану жайы қарастырылды.
Айта кетейік, Мальдив аралдары қазақстандықтар арасында танымал туристік бағыттардың бірі саналады. 30 күнге дейін визасыз бара алады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
О. Сансызбай