Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты екі күнге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресей Федералдық кеден қызметінің өз азаматтарына берген ақпарат мәліметінше, шектеулер көлік өткізу бекеттеріне де қатысты болады.
"Шекара бекеттерінің жабылуына себеп – Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу. 16 және 17 желтоқсанда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы келесі автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді", – делінген жазбада.
- "Бақты" (Абай облысы);
- "Майқапшагай" (Шығыс Қазақстан облысы);
- "Достық" және "Нұр жолы" (Жетісу облысы);
- "Құлжа" (Алматы облысы) жұмыс істемейді.
"Достық" және "Алтынкөл" теміржол өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек