Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді
Фото: Google Карта

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер асты дүмпуі 22 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 06:30-да тіркелді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 508 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.

Еске салайық, 2025 жылы 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

Астана уақытымен сағат 15:56-да тағы бір жер сілкінісі болды.

Кейін Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget