Қазақстан мен Қытай шекарасында бөгет жарылған

Қазақстан мен Қытай шекарасында бөгет жарылып кеткен. Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы әкімдігі бұл ақпаратты растады. Боран ауылында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ертіс өзеніне су келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша бөгет Қытай тарапынан, Қазақстан шекарасынан 100 шақырым жерде жарылған.

Марқакөл ауданы әкімдігі мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ, қазір Боран ауылында жағалауды нығайту жұмыстары қолға алынған.

"Су қатты келіп жатқан жоқ, 2 сантиметрге жетеді. Бірақ бұл осы ауылдың аумағында ғана. Қазір жұмыс жалғасып жатыр. Учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, ТЖБ-ның төрт қызметкері кезекшілік етеді. Оларда көлік, қайық - барлық қажет жабдық бар. Аудан әкімі сол жерде, ТЖБ бастығы да бар", - деді Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсем Болысова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!