Қазақстан мен Қытай қос азаматтықпен бірігіп күреспек

Сенаттың жалпы отырысында Мәжіліс қабылдаған "Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қос елдің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" заң мұқұлданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенатор Қайрат Тастекеев заң жобасының маңызын түсіндірді.

"Ынтымақтастықты тиімді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында тиісті ақпарат алмасу бойынша шараларды қарастыратын келісім жасау қажеттігі пайда болды. Ратификациялауға ұсынылып отырған келісім Қазақстан мен Қытайдың көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдары арасындағы өзара қарым-қатынас жасау үшін құқықтық негіз жасайды. Тараптардың азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу жөніндегі тиісті тетікті жасауға және құқықбұзушылықтарды алдын алуға мүмкіндік береді", - деді депутат.

Ол келісімді ратификациялау қос ел арасындағы құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті одан әрі дамытуға, сақтауға және екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететінін мәлімдеді.

Сенат депутаттары дауыс беру нәтижесінде заң жобасы мақұлданды.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз