Қазақстан мен Қытай арасында 10 қарашадан бастап визасыз режим күшіне енеді

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим 10 қарашадан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ортақ келісімге сай, екі елдің азаматтары енді туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит сондай-ақ, іскерлік мақсаттар үшін визалық талаптардан босатылады.

"2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында (ҚХР) қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енеді", - делінген хабарламада.

Шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін виза талап етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!