Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
Фото: Коллаж: Яндекс карта скрині, depositphotos.com

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 17:07-де жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 96 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмеген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан